Кездесу

Шарада ардагерлер білім алушыларға әскерге барып өз борышын өтеу, елімізді, жерімізді қорғау ер азаматтың Отан алдындағы парызы екендігін түсіндірді.
Қорғаныс департаменті бастығының орынбасары А.А.Жакипов білім алушыларға қазіргі таңда әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға тоқтала келе, әскерге барған сарбаздардың ҰБТ-ге қатыспай-ақ мемлекеттік грант иегері бола алатындығын айтты.
Білім алушылар келген қонақтарға алғыстарын айтып, әскерге барып, өздерінің азаматтық борыштарын өтейтіндіктерін айтып, уәде берді.