Кездесу

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде жастардың әскерге баруға қызығушылықтарын арттыру және оларға  патриоттық тәрбие беру мақсатында  «ГЕРМАНИЯДАҒЫ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ ТОБЫ МЕН ВАРШАВА КЕЛІСІМ ШАРТЫ ӘСКЕРІНІҢ ТОБЫ АРДАГЕРЛЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ» филиалының ардагерлерімен және Қорғаныс департаменті бастығының орынбасары  Жакипов Алмат Алмасұлының қатысуымен кездесу болып өтті.

      Шарада  ардагерлер білім алушыларға әскерге барып өз борышын өтеу, елімізді, жерімізді қорғау ер азаматтың Отан алдындағы парызы екендігін түсіндірді.
     Қорғаныс департаменті бастығының орынбасары  А.А.Жакипов білім алушыларға қазіргі таңда әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға тоқтала келе, әскерге барған сарбаздардың ҰБТ-ге қатыспай-ақ мемлекеттік грант иегері бола алатындығын айтты.
     Білім алушылар келген қонақтарға алғыстарын айтып, әскерге барып, өздерінің  азаматтық борыштарын өтейтіндіктерін айтып, уәде берді.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil