2019-2020 оқу жылы бойынша әлеуметтік көмек алатын білім алушылар

1) жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар  - 108, оның ішінде:

Тұл жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім алушы саны – 3;

Жартылай жетім білім алушылар саны – 52;

Мүгедек білім алушылар саны – 18;

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан – 35;

2) 2019-2020 оқу жылында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  аясында әлеуметтік көмек алатын білім алушылар саны  - 239; оның ішінде: көз, құлақ мүгедектері – 5; 

Колледж білім алушылары әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» №396 бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініші;

3) туу туралы куәліктің көшірмесі - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

4) қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;

5) психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі-мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;

6) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil