Әдістемелік жұмыстың басты міндеттері

 Әдістемелік жұмыстың басты міндеттері:


♦ білім беру мекемесіндегі  оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыздығын жүзеге асыру және оны жетілдіру;                                 

♦ оқытушылардың жаңа жұмыс жағдайындағы шығармашылық  мүмкіндіктерін ашу, маман даярлаудағы озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;

♦ колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру, оқытушы-студент- жұмыс беруші үш жақты байланысты жетілдіру; 

♦ негізгі  кәсіптік білім беру бағдарламаларының   мазмұнын   колледж түлектерінің кәсіби  әрекетіне  бағыттау;

♦ педагогикалық кадрлардың  үздіксіз біліктілігін арттыру жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету, білім мазмұнын жаңарту аясындағы жаңа бағдарламаны меңгеру курстарынан өту;

♦ оқу, ғылыми-әдістемелік және модульді құзіреттілікке негізделген бағдарлама жасақтауға оқу материалдарын дайындау;

♦ баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт - бағдар беру, оқу – әдістемелік жұмыстарын насихаттауды арттыру;

♦ Білім беру процесінің,  педагогтардың  кәсіби  құзыретінің  деңгейі мен әдістемелік дайындықтың  мониторинг және диагностика  жүйелерін жетілдіру.

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Ұйымдастырушылық қызмет (ұжыммен және әр педагогпен жеке жұмыс жасау);
  2. Оқу - тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету  (жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және қолдану, педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру, педагогтардың ғылыми-зерттеушілік қызметі және т.с.с.)
  3. Диагностикалық-аналитикалық қызмет (оқытушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы қиындықтар деңгейін анықтап, әдістемелік қызметтің тиімділігін талдау).
  4. Білім беру үдерісінде оқу-әдістемелік кешендерді жасау мен жаңартып отыруда оқытушыларға көмек көрсету;
  5. Алдыңғы қатарлы әдістемелерді, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату,  оқып, танысып, жүйелеу;
  6. Педагогтардың әдістемелік жұмыстарының  уақытылы орындалуын қадағалау;
  7. Колледж оқытушыларының әдістемелік жұмысын мақсатты жүргізу және ұйымдастыру;
  8. Педагогтарға ашық сабақ, әдістемелік материалдарды дайындауда, инновациалық бағдарламалармен технологияларды оқып енгізуде әдістемелік көмек көрсету;
  9. Педагогтардың біліктілігін көтеруді жоспарлау мен ұйымдастыру;
  10. Колледжде педагогикалық оқуларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру;
  11. Педагогтардың республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, конференцияларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру;
  12. Колледж оқытушылар ұжымының педагогикалық шеберлігін анықтау мақсатындағы сайыстарды  ұйымдастыру;
  13. Колледж жұмысының тиімділігін арттыруда ішкі құжаттарды реттеу, рәсімдеу жұмыстарын жүргізу;
  14. Білім үрдісінің мазмұнын жаңашыл кәсіби білімдік бағдарламалар арқылы және жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістерін қолдана отырып жетілдіру;
  15. Педагогтар мен білім алушылардың әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын, шығармашылық қызметтерін нәтижелі ұйымдастыру;
  16. Педагогикалық ұжымның білім беру үдерісіндегі тәжірибелерін тарату мен жинақтау және оларды ұжым жұмысына енгізу;

 

 Колледждегі әдістемелік жұмыстың негізгі формалары:


1. Оқытушылармен жеке әдістемелік жұмыс;

2. Колледж оқытушыларының әдістемелік жұмысына жетекшілік жасау;

3. Ұжым оқытушыларының жаңа педагогикалық тәжірибелерін тарату және жинақтау;

4. Оқу құралдарын және әдістемелік ұсынымдарды жазуға ұсыныс беру, көмектесу,  жариялау;

5. Тұрақты жылдық жоспарда көрсетілгендей әдістемелік семинарлар, педагогикалық оқулар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, педагогикалық шеберлік байқауларын ұйымдастыру;

6. Әдістемелік кеңестерде тақырыптық баяндамалар оқу;

7. Әр түрлі ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференцияларға қатысу;


Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil