Дуалды оқыту

 

1.1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 46-12) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген бұйрықтарды басшылыққа ала отырып, дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.  Колледжде дуалды оқыту бойынша оқыту жүйесі-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы негізнде оқу процесі жүргізілуде. Оқу орындары жұмыс беруші мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды,

инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын білікті мамандар даярлайды.

 

 Дуалды білім беру жүйесінің бағыттары

-колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту 

-кәсіптік оқытудың дуалды жүйесі арқылы әріптестікті дамыту 

-жұмысшы маман дайындау үшін инновациялық технологияларды қолдану, яғни: өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу

-кәсіпорынның материалды-техникалық базасын қолдану арқылы білім алушылардың тәжірибелік практикасын ұйымдастыру (құрал мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі)

-бітіруші білім алушылардың қорытынды аттестация кезеңінде өкілдерінің маман даярлау сапасын бағалауы. Сонымен қатар, қажетті мамандарды анықтау, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.

 

                         Дуалды оқыту қатысушылары: 

1) Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске            

     асыратын колледж;

2)  меншік нысанына қарамастан ұйымдар (кәсіпорындар);

3)  білім алушы - колледж білім алушысы

 

 Дуалды оқытудың міндетті компоненттері:

 1)    дуалды оқыту туралы шарт;

 2) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген колледж дуалды оқытудың жұмыс оқу   жоспары; 

 3) өндірістік оқытуды іске асыру үшін жабдықталған ұйымдардағы  (кәсіпорындардағы) оқу, жұмыс орындары және/немесе оқу өндірістік орталығы және кәсіптік тәжірибе; 

 4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибенің тәлімгерлері. 

 

Бүгінгі таңда колледжде   162 білім алушы төмендегі мамандықтар бойынша  дуалды оқыту негізінде білім алуда:

07221400 «Жиһаз өндірісі»-76 білім алушы

07230100 «Тігін өндірісі және үлгілеу»- 66 білім алушы

07130100 «Электр жабдықтары» (түрлері және салалары бойынша)-20 білім алушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil