"Жастар есірткіге қарсы!"

Бүгін 12 қазан күні Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың орта, орта арнаулы оқу орындары арасында топтық флешмоб түрінен "Жастар есірткіге қарсы!" ұранымен сайыс өткізілді. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға инспекторы- Бектасов Исалы Алтайұлы командаларды жүлделі орындармен марапаттады. Жүлделі І орын "Болашақ" университетінің колледжі, ІІ орын Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, ІІІ орын Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі және "Абылай хан" атындағы жоғары колледжі командаларына берілді.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil