Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде "Ұстаз аты биік-әрі мәңгілік" атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Бүгін, 6 қазан күні Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде "Ұстаз аты биік-әрі мәңгілік" атты мерекелік іс-шара болып өтті.Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil