«Мамандықтың бәрі жақсы»
Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде 2018 жылдың сәуір айының 24-25 күндері «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында Ашық есік күні мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылып, өткізілді. Ұйымдастырылған шараға 250-дей мектеп бітіруші оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат алды.


