Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде 2017 жылдың 11 қазан күні "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру" тақырбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі - халықтың Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жөнінде хабардар болуын және құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерін жою болып табылады. Дөңгелек үстелге: "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "ХҚКО" департаментінің №1 қалалық бөлімінің маманы Орынбасарова Жұлдыз Мұхидинқызы, Облыстық Білім Басқармасының бас маманы - Төленова Жанар Биназарқызы, Облыстық Білім Басқармасының бас маманы Қыпшақбаев Бауыржан қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.