2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы»

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет басшысы 2025 жылды  "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады.

🔹"Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", - деді Президент жолдауда. 

🔹Қоғамда өз еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігі арқылы шыңдалған нағыз еңбек адамының мәртебесін көтеруіміз керек. Әрбір жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек адамының қоғамда өзіндік орны мен қадірі бар. Ең маңыздысы – әрбір жұмысшы маман, әрбір еңбек адамы жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқарғаны дұрыс. Өз кәсібіне адалдық танытып, жауапкершілікпен қараған адам қашан да жоғары орыннан көрінері хақ. Бұл қағиданы қоғам санасына сіңіруіміз қажет. Сол кезде ғана аймағымыздың даму жолы даралана түседі.

🔹Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың  түпқазығы. Бүгінгі күннің басты талабы - еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, өндіріс процесіндегі заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгерген, жұмысшы мамандарды даярлау.

🔹60 жылдан астам тарихы бар Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі өз мамандығын жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандарды даярлауда.


Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil