КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда облысы білім басқарамасының «Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» КМҚК (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 35 үй, тел. 8(7242)202102, э/почта kurylysbiznes@mail.ru.

Дефектолог,сурдопедагог – лауазымы   (1 жүктеме) 

Уақытша бос лауазымын тағайындауға ашық конкурс жарияланады. 

Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе " Дефектолог – сурдопедагог  " бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20-28   тамыз аралығы 2024 жыл

Лауазымдық міндеттері:

1. Тәрбиеленушілердің психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

2. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

3.Білім           алушылардың,         тәрбиеленушілердің          жеке   басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды         (психокоррекциялық,        оңалту           және консультативтік).

4.Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды            алмастыратын          тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.

5.Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.

6. Тәрбиеленушілердің      жеке      және       әлеуметтік      даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық   қорытынды жасайды.

7. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

8. Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады.

9. Дарынды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.

10. Тәрбиеленушілердің даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді. 

11. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің,         педагогтердің,         оқушылардың ата-аналарының      немесе       оларды          алмастыратын          адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

12.Педагогикалық, әдістемелік   кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.

13.Кәсіби      құзыреттілікті,         оның   ішінде            ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

14. Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.


Айлық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне сай 174421,62  теңгеден 187305,11 теңгеге дейін

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы       21 ақпандағы №57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік  білім   беру  ұйымдарының  бірінші   басшылары  мен  педагогтерін   лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №343 бірлескен бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа ала отырып  жүргізіледі.


Конкурс өткізу күні мен орны: 29.08.2024 жылы, Қызылорда қ., Абай даңғылы, 35 үй, Қызылорда облысы білім басқарамасының «Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» КМҚК-ны.

Конкурсты өту кезеңдерді:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;

3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау (5 жұмыс күні);

Кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық         әдеп    нормаларын бұзу    туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

      1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Қосымша ақпаратты тел. 8(7242)202102, э/почта kurylysbiznes@mail.ru.

 


Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil