"ШҰҒЫЛА" СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Колледж жанындағы «Шұғыла» спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, спорт саласындағы жетістіктерге тоқталды.

«Өткен жылы аймаққа арнайы сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жас спортшылармен кездесуінде «Спортпен шұғылдану керек. Әсіресе, өздеріңіз сияқты жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі қажет. Жастардың дені сау болса, мемлекет те қуатты болады» деген еді. Спорт елдің мерейін тасытып, жеңімпаздық рух сыйлайды, жастарды табандылыққа, тәртіпке баулиды.

Президентіміздің, Үкіметтің қолдауының арқасында өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көрініп келеміз. 

Рәсімде жаңа спорт кешенін ашып, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосқан «Нұрай» ЖШС директоры Сейітқали Алшынбаев облыстың ең жоғары наградасы – Құрмет грамотасымен марапатталды.

Іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, жерлестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. 

Спорт кешені 350 орындық, 1,7 млрд теңгеге салынған, жалпы ауданы – 2700 шаршы метр. Онда таэквондо, хореография, үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері болады. Аумағында шағын футбол алаңы және автотұрақ бар.




Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil